Мәдениет

Шәмші әндері шырқалды

Онлайн концерт

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық  мәдениет» арнайы жобасының аясында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай №10 Сазды ауылдық модельді кітапханасы қалалық Сазды мәдениет үйімен бірігіп, «Ән аға — Шәмші аға» атты онлайн концерт өткізді.

Концертте қазақ даласын әнмен тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың біраз әндері шырқалып, өмір жолы туралы слайд көрсетілді. Ол 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Шәмшінің әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан.

Кітапхана Шәмші Қалдаяқов туралы кітап көрмесін ұйымдастырып, әлеуметтік желі арқылы көрермендерге ұсынды.

Табиғаты ерекше дарын иесі, дара тұлға Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні мәңгілік қазақ халқының жадында сақталады.

 Жанна ҚАЛНИЯЗОВА,

№10 Сазды ауылдық модельді  кітапханасының  кітапханашысы. 

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button